Айгерім Ақтас Фулбдрайт степендиясының иегері атанып АҚШ-қа аттанды
Айгерім Қаныбекқызы жасымыз шамалас болсада, өзгелерге үлгі болар жан
Мектеп кезден жақсы танимын. Өте алғыр. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары. Өзелерден ерекшеленіп тұратын. Мектепті үздік бітіріп, жоғарғы оқу орнын «шет тілі оқытушысы» мамандығы бойынша қызыл дипломмен тәмамдады. Қазіргі таңда «Гуманитарлық ғылымдар магистрі». Алматы қаласындағы ҚазҰУ халықаралық қатынастар факультетінде шет тілі оқытушысы болып қызмет жасап келді. Ізденімпаздық пен дамуды ұнататын Айгерім, бүгінгі күні АҚШ елінде жаңа жұмысын бастамақ.
Фулбрайт шет тілін оқыту бағдарламасының бес кезеңінен мүдірмей өткен жерлесіміз, Фулбдрайт степендиясының иегері ретінде 9 айлық тағылымдамаға АҚШ-қа аттанды. Өзінің мүмкіндігін Джорджия штатындағы Джорджия Университетінде «қазақ тілінің тюторы» қызметінде жалғастырады. «Қазақстанды басқа елде танытуға үлкен мүмкіндік алғаныма қуаныштымын. Елім маған үлкен жауапкершілік артқандай сезімде жүрмін» деп жазған болатын истаграм парақшасында.
– Осындай мүмкіндік алғаным үшін өзімді бақыттымын деп санаймын. Қазақстанда жалпы осындай мүмкіндіктер бар. Сол мүмкіндікті қолдан келгенше пайдалануымыз керек. Өзімізді дамытуымыз керек. Қаражат жағы бағдарламада қарастырылған. Мен қазақ тілінен сабақ беріп қана қоймай, қазақтың дәстүрін, мәдениетін көрсетіп таныстыруым керек. Бұл әлемдік бағдарлама болғандықтан, әр елден келген жастар осында сабақ беруде. Сол себепті жастарға айтарым, көп нәрсеге мүмкіндік беріп тұрған заманда, өзіңді шектеуді тоқтатып, дамуға ұмтыл, – дейді Айгерім Қаныбекқызы.
Бос уақытын кітап оқып, спортқа арнайды. Сондай-ақ, өзінің оқырмандарына күнделікті блогын жүргізіп жүрген «жас блогер» деп айтуға болады. Парақшасына шолу жасағанымда, әдемі жазбалары, оқырмандарды ағылшын тіліне үйрететін түрлі аудармаларды байқауға болады. Мақсаты айқын жастардың қашанда болашағы жарқын. Айгерімнің басты арманы да өзі сияқты қазақтың қарапайым отбасынан шықққан ұл-қыздарына әлемдік тұлға болып қалыптасуына үлес қосу.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31