Жанкелдин ауданында алты елді мекеннің 23 көшесі жөнделді
2025 жылы 123,4 шақырым (31%) аудандық маңыздылығы бар автомобиль жолына және 13,66 шақырым көшеге (6 елді мекенде 23 көше) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді. Атап айтсақ Сарысу ауылы (1 км), Қалам-Қарасу ауылы (0,7 км), Сужарған ауылдарының (0,95 км) кіре беріс жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Шұбалаң – Ахмет Байтұрсынұлы ауылы» автомобиль жолының 50 шақырымына (1 млрд 202,4 млн теңге.), «Тоқанай-Саға-Алтынсары» бағытындағы автомобиль жолының 34 шақырымына (жалпы құны – 1 млрд 257 млн теңге. 15-34 км учаскесіне – 575 млн 958 мың теңге, 0-15 км учаскесіне – 681 млн 475 мың теңге), Саға-Бидайық автомобиль жолының 39 км учаскесіне (276 млн теңге) орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
«Ауданның 6 ауылында 27 көшеге асфальт жабындысы төселіп жөндеуден өтті. Бұл жерде Саға және Бидайық ауылдарында ешқашан асфальт болмағанын, алғаш рет көшелер асфальтталғанын атап өтемін.
Торғай ауылында 144 млн теңгеге 5 км жаяу жүргіншілерге арналған асфальт жабындысы жабылған тротуар салынды. Жалпы алғанда ауыл көшелерімен, аудандық маңызы бар жолдардын жөндеуіне басымдық беріліп, соңғы үш жылда ауданның жол инфрақұрылымын жақсартуға 6 млрд 883 млн теңге қаржы жұмсалды (2023 жылы 974,3 млн теңге, 2024 жылы 2 млрд 8 млн теңге, 2025 жылы 3 млрд 900 млн теңге)», – деді облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов.
Шұғыла ЖАҚСЫЛЫҚ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31