
Жанкелдин ауданы, Сужарған ауылында вальстың королі атанған Ш.Қалдаяқовтың әндері шырқалды
Әуелеген ән кеші
Нағыз талант иелері ауылда. Кәнігі әншілердей күнде киелі сахнада ән салмаса да, әуезді ән ырғағына елтіп, жүрек тербеген әуенді нақышына келтіріп орындай алады. Талабы таудай, дарыны дардай өнер иелерін қолдау көпшіліктің еншісінде. Ауылдың кішкентай сахнасы талай өнерпаздардың бағын ашты. Ауылдан шыққан өнер иелерінің есімдері жалпақ жұртқа танылды. Кезінде ауылды жерлерден отбасылық ансамблдер де шыққан. Колхоз, совхозды аралап, еңбек адаимдарының ықыласына бөленген. Сол бір отбасылық өнерпаздардың үрдісі күні бүгінге дейін үзілген жоқ. Киелі өнердің жалғасын дәріптеген жұрнағы бар деген сөз.
Вальстың королі атанған, ән әлемнің патшасы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай “Ауылымды тербетеді Шәмші әні” атты ән байқауы өте жоғары деңгейде өтті. Ауыл әкімшілігі мен мектеп ұжымыныңда үлесі зор. Ән байқауының бағдарламасы қатты ұнады. Шәмші әндерінің әрбір шығу тарихи зерделеніп жазылған. Ән кешінің бағдарламасын бағдарлап, мазмұны мен мағынасына ерекше мән берген өнер жанашыры, ұстазымыз Гүлнар Тайжанова. Өнердің жілігін шағып, майын ішкен, қандайда бір мекекелік кештің шырайын келтіретін ұстазымызға дән риза болдық.

“Жұлдызды жұп” ән байқауына Б.Хамзин атындағы өнер мекетбіндегі вокал бөлімінің мұғалімі, талантты әнші, өнер майталманы Алмас Нұрланұлы мен аталған мектептің директорының міндетін атқарушы Алмас Сейілхан қазылық жасады. 7 жұп өз дәрежелерінде өнер көрсете білді. Көрші ауылда тамаша кеш болып жатыр деп Қалам – Қарасу және Албарбөгет ауылдық округтерінен де көрермендер келіп, өздерінің сүйікті әншілеріне демеуші болды. Өнерлерін бағалап шапалақ ұрып, мерейлерін өсірді.
Шәмшінің “Арыс жағасында” әнімен сахна шымылдығын отбасылық дуэт Олжас пен Динара ашты. Алғаш рет сахнаға шығып тұрған ерлі – зайыптылардың тума таланттарына таңқалып, таңдай қақтық. Асқан шеберлікпен орындады. Амангелді Шүкір мен Гүлжанат Байқадамның әуелете салған “Ана” туралы әні жүректен жүрекке жетті. Амангелді ауылда өтетін мерекелік іс – шаралардың бел ортасында жүріп, сахнада ән салып, шыныққан талантты әнші. Ал, Гүлжанат бірінші рет сахнада ән салды. Құлаққа жағымды үнімен көпшілікті өзіне баурап алды. Бағдат пен Бекзаттың әншілігіне еш шүбәміз жоқ. Бұл кеште “Шаттығым” әнін шырқап, ауылдық көрермендерге ерекше шаттық сыйлай білді.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Суретті түсірген: автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31