
Жанкелдин ауданындағы кітапхана оқырмандары жүлделі болды
Қостанай қаласында Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына арналған «Рухқа толы жалын жырлары» атты республикалық жырмүшайра жоғары деңгейде өтті
Шараға әр елді мекеннен келген талантты ақындар қатысып, Алаш арысының рухани мұрасын жаңғыртуға өз үлестерін қосты. Мүшайраға Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, Қалқаман Сарин, жас ғалым, айтыскер ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Батырлан Сағынтаев төрағалық жасады.
Аталмыш байқауға Жангелдин ауданы кітапханасының тұрақты оқырмандары, болашағынан зор үміт күттіретін жас ақындардар қатысты. Қос жүйрік Шилі ауылының тумасы Олжас Ғабдымәлік пен ақынын дәріптеген қызбелдік Жәнібек Есімсеріұлы байқаудың алғашқы кезеңінен іріктеліп, 2 кезеңге жолдама алып, шығармашылық шеберліктері жоғары бағаланды. Нәтижесінде екеуі де 100 000 теңгелік сертификатпен марапатталды.
Бұл жетістік – аудан жастарының әдебиетке деген қызығушылығы мен таланттарының айқын көрінісі. Іс-шара жас қаламгерлердің шабытын шыңдап, ұлттық рухани құндылықтарды дәріптеуге зор серпін берді.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31