
Жанкелдин ауданында «Тұмар» мейрамханасының салтанатты түрде ашылу рәсімі өтті
Заман талабына сай
Аудан әкімі Дінмұхамбен Бидашев кәсіп иелеріне жылы лебізін білдіріп, жаңа бастамаларымен құттықтады. Кәсіп иелеріне аудан әкімдігімен аудандық мәслихаттың атынан мейрамханаға қажетті тоңазытқыш сыйға тартты. Облыс әкімінің кеңесшісі Шота Оспанов пен құрылыстың сапалы өтуіне қолдау білдірген Өзбекстандық азамат мейрамхананың ресми түрде лентасын кесті. Қуанышқа жиналған ақ жаулықты әжелеріміз шашуларын шашып, батагөй Әбдір атамыз ақ батасын берді. Арнайы жиналған қауымға Елеутовтер отбасы дәм беріп үлкендердің батасын алды. Сонымен қатар жұмыстың басынан аяғына дейін қолғабыс болып, қызмет көрсеткен жандарға шапан жауып, ат мінгізді. Солардың бірі аудан тұрғыны, дәнекерлеуші Нұрлан Мұхамедқалиев.Мейрамхананың екі қабатына толық жылу жүйесін тегін тартып беріп мәрттік танытқан болатын.
Аудан тұрғындарының көптен ойында жүрген қалаулары орындалған күн болды деуге әбден болады. Кәсіп иелері Елеутовтер отбасының бұл бастамасы көптің көңілінен шықты. Ескі ғимаратты қайта қалпына келтеріп, толық күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп, ішін заманауй жабдықтармен жабдықтаған. Мейрамхана қызметіде көңілге қонымды, барлық қызметті өздері жасайды. Тек ақшасын төлеп, қонақ болып келесіз.
Толығырақ газеттің алдағы санынан оқи аласыздар.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31