
Жанкелдин ауданына Мәжіліс депутаты келді
Тарихи орындарды аралады
Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты Қазбек Иса ауданымызға арнайы келді. Алдымен алаш арысы Міржақыптың туған жері Бидайық ауылына ат басын тіреді. Міржақып атамыздың кесенесіне тағзым жасап, рухына құран бағыштады. Тарихи Мұражайдың құрылыс жұмыстарымен танысты. Ауыл халқымен кездесіп, күз айында болатын 140 жылдық мерейтойдың дайындық барысын пысықтады.
“Биыл Міржақып атамыздың 140 жылдық тойы. Мен арнайы келіп, тағзым жасауды парызым деп білдім. Біз” Ақжол” демкратиялық партиясының өкілдеріміз. Кешегі ата бабамыз аңсап кеткен алаш ордасының негізін қалауға бет бұрып жатырмыз. Қасиетті Торғай жерінің топырағын басқаныма қуаныштымын. Сіздермен кездесіп, ұсыныс пікірлеріңізді тыңдау менің міндетім. Алла қаласа атамыздың тойын жоғары деңгейде өткізуге атсалысамыз. Мемлекет басшысыныңда ұстанымы осы”,- деді мәжілісімен.
Ауыл тұрғындары жол мәселесі мен ұялы байланыс жөнінде ұсыныстарын айтты. Бұл мәселе шешімін табатынына жергілікті билік сенім білдірді.
Мәжіліс депутаты алаш көсемі Ахмет Байтұрсынұлының туған жеріне табан тіреді. Кесенеге тағзым қылып, мұражайдағы құнды жәдігерлердің тарихына қанық болды.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31