
Жанкелдин ауданына келген Арқалық қаласының ардагерлері тарихи жерлерге саяхат жасады
Елге рухани демалыс сыйлады
Ауданымызға Арқалық қаласындағы «Қазына» халықтық ардагерлер қорының және «Асыл әжелер» ансамблінің мүшелері гастрөлдік сапармен келді.
Олар алдымен Бидайық ауылындағы қоғам қайраткері, алшатың ардақты тұлғасы Міржақып Дулатұлының 140 жылдық мерейтойына орай кесенесіне барып тағзым жасады. Тарихи музейіндегі құнды жәдігерлермен танысты. Қажетті мағлұматтар алды. одан кейін аудан орталығындағы мұражайларды аралады.
«Киелі Торғай жеріне келіп, саяхаттау ардагерлер үшін үлкен қуаныш. Тарихи жерлерге барып, құнды жәдігерлермен танысты. Жолдың қанша шалғайлығы болса да шаршағандықтарын білдірмеді. Киелі Торғай жерінің топырағын басқан ардақты ардагерлеріміз балаша қуанып жүр. Алдағы уақытта басқа да аудандарға саяхат жасаймыз. Жолай көршілес Амангелді ауданына да ат басын тірейміз. Елге келіп, арқа басымыз кеңіп қалды. Торғай елінің қонақжайлылығына дән риза болған ардагерлеріміз ерекше көңіл күймен, қимастық сезіммен тарқасты», – дейді Арқалық қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Түбекбай Әубәкіров.
Арқалық қаласынан келген ардақты ардагерлер Торғай жұртышылыған «Өнер қазынасы – ардагерлер» атты концерттік бағдарламаларын ұсынды. Өнерді туған өлкесіндей сүйе білген аудан халқы ризашылықтарын шапалақ соғу арқылы білдірді.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31