
Жанкелдин ауданында 2024-2025 оқу жылында аудан бойынша 2040 оқушы аяқтады
Мектеп түлектеріне аттестат берілді
Оның 174-і мектеп түлектері. Жалпы ауданда орта білім беру саласы бойынша 15 орта, 3 негізгі, 2 бастауыш мектеп бар. Мектеп бітіруші түлектердің 5-і «Алтын белгі», 37-і «Үздік атестатқа» үміткерлер қатарында. Атап айтқанда: «Алтын белгі» атестатына Ғ.Қайырбеков атындағы жалпы білім беру мектебінен -2 оқушы, «Албарбөгет» ЖББМ-нен 2оқушы және Ш.Уәлиханов атындағы ЖББМ-нен 1 оқушы үміткер.
Бүгін мектеп қабырғасындағы тағы бір маңызды сәт 9 сынып түлектері атестаттарын алып, білім жолындағы алғашқы үлкен белесті артқа тастады. Қолдарына орта білім атестатын аудан бойынша 181 оқушы алды. Оның 36-сы үздік атестат иегерлері. Бұл күннің оқушылар үшін маңызы ерекше. Бірде қолдарына атестаттарын алып көңілдері көтірілген түлектердің бірде көңілдері босап тұрды.
Себебі, колледж қабырғасын аттамақ ниеттегі оқушылармен қоштасып, жаңа оқу жылында толық сынып болып жинала алмайтынын ойлаған түлектердің көңілі түсіңкі болды. Салтанатты шарада мектеп директорлары құттықтау сөз сөйлеп, оқушылардың атестаттарын салтанатты түрде табыс етті.Мектеп ұстаздары мен ата аналар оқушыларға жылы лебіздерін арнады.
Атестат оқушылардың осы уақытқа дейінгі еңбегінің нәтижесі, келесі үлкен қадамға бастар жолдамасы.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31