
Жанкелдин ауданы, Сужарған ауылында санитарлық жұмыстары басталды
Тазалық табалдырықтан
Өткен жылы абаттандыру жұмыстарына қаржы бөлінбеген. Ал, санитариялық тазалығы бойынша 1 млн теңге қаражат бөлініп, толығымен игерілген. Аула мен қоралардың маңындағы күл қоқыстар арнайы орындарға төгіліп, бұзылған үйлердің орындары тегістелген. “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында 700 тоннадай боқат, күл- қоқыстар шығарылды. Қазіргі танда 660 тоннадай боқат, күл қоқыс шығарылып жатыр. Жеке кәсіпкер Серік Қойбағаров 10 тонналық камаз көлігі, 25 тонналық шахман көлігі, бір погрузщикпен келіп шығарып жатыр. Жұмыстар әлі жалғасуда.
Биыл абаттандыру жұмыстарына 1,4 млн қаражат бөлінеді деп жоспарлануда. Санитария бойынша 800 мың теңге қаражат бөлінді. Маусым айында игеріледі”, —дейді ауыл әкімі Берік Әубакіров.
Былтыр қоғамдық жұмысқа 13 адам тартылған.
Биыл 4 адамға кеміген. Бұл жұмыссыз адамдардың саны азайғандықты білдіре ме? Әлде жұмыссыздардың қоғамдық жұмысқа құлқы жоқ па? Бұл әзірге беймәлім. Ауыл бойынша 30 түп көшет ағаштары отырғызылған. Енді оларды күтіп баптау бір басқа.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31