
Жанкелдин ауданындағы ең үлкен саябақты абаттандыру жұмыстары басталды
Батыр ұрпақтарының игілікті істері
Өткен жылы Мерген батыр ұрпақтары аудан орталығынан үлкен саябақ ашты. Батыр бабаларының 333 жылдығына орай қаржы жинап, елге игілікті іс жасады. Саябақ салып қана қоймай оның абаттандыру жұмыстарына да көңіл бөлді. Заман талабына сай құрылыс жұмыстарын істеп, ойын элементтерін қойды. Ашылу салтанатында арнайы жасап, ат шаптырып, балуандарды белдестірді. Республикаға танымал ақындардың басын қосып, дүбірлі айтыс жасады. Елдің еңсесі көтеріліп, өңіріміздің өңіне қан жүгірді.
«Былтыр саябақтың аяқталмаған қосымша жұмыстарын биыл қолға алдық. Мерген баба ұрпақтары осы саябақты абаттандыру үшін тағы да 8 млн қаржы жинап, 250 түп көшет ағаштарын алдық. Яғни 20 түп шырша, 20 түп қарағай, 200 түптей қарағаш көшеттерін саябаққа отырғыздық. Оның сыртында тағы да балалар ойын алаңына элементтер қойдық. Енді алдағы уақытта бейнебақылау камерасын орнатамыз. Отырғызған көшет ағаштарын күтіп баптап өсіп шығуына мән береміз», – дейді батыр ұрпақтары.
Осындай игілікті істі басқа да әуелттің ұрпақтары жалғастырып, «Ұрпақ сабақтасығы» жобасын жүзеге асырса, нұр үстіне нұр болар еді.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31