Жанкелдин ауданында Республика күні мерекеленді
Мерекелік марапат иелері анықталды
1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстанның бірінші құқықтық құжаты – Республиканың егемендігі туралы декларацияны қабылдап, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негізін жариялаған болатын. Биыл тарихи датаға 34 жыл толуда.
Н.Ахметбеков атындағы мәдениет үйінде «25 қазан Республика күні» мерекесіне арналған «Отаным менің-Қазақстан» атты салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Шота Оспанов барша жиынға қатысушыларды ұлттық мерекемен құттықтап, жылы лебізін арнады.
-Бүгінде біз Қазақстанның саяси және экономикалық салалардағы, сондай-ақ оның әлемдік аренадағы жетістіктерін мақтанышпен атап өтеміз. Осы атаулы күні Отанымыз – Қазақстан Республикасына өркендеу мен амандық тілейміз, халықтың бірлігі, татулығы мен келісімі біздің мемлекеттілігіміздің мәңгілік берік тірегі болсын»-деді аудан басшысы.
Жиын барысында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бір қатар қызметкерлер марапатталды. Республика күніне орай облыс әкімінің алғыс хатымен Коммуналдық кәсіп орын басшысы Нұрбек Тлеубаев, Жангелдин ауданының спорт және денешынықтыру бөлімі мемлекеттік мекемесінің , спорт нұсқаушысы Абылай Құсайынов марапатталды. Қостанай облыстық мәслихатының Құрмет грамотасымен, ҚР-ның мәслихаттарының 30 жылдығына орай, ҚР күнін мерекелеу құрметіне, сонымен қатар лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Жанбол Ғабдырақов марапатталды. Сондай-ақ ауданның әлеуметтік экономикалық дамуына үлес қосып жүрген бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің грамотасымен, 19 қазан құтқарушылар күні мерекесіне орай азаматтық қорғаныс іс -шараларын орындауда адал қызмет атқарып жүрген өрт сөндіру, төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Елдегі су тасқыны кезінде белсені ат салысқан еріктілер қатары Қазақстан Жастарының конгресінің атқарушы директоры Бақдаулет Жанділбаевтың алғыс хатымен марапатталды.
Мерекелік салтанатты жиын концерттік бағдарламамен жалғасты.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Суретті түсірген: автор
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31