Жанкелдин ауданында кірістер басқармасының қызметкерлері мерекелік төсбелгімен марапатталды
Жауапты қызметке адал болсаң еңбегің бағаланады
Биыл Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті біртұтас мемлекеттік орган – ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне біріктірілгеніне 10 жыл толды. Осыған орай облыс орталығында салтанатты іс – шара ұйымдастырылды. Оған осы салада ұзақ жылдар жемісті еңбек еткен ардагерлер мен машықты жас мамандар қатысты.
Салтанатты жиын барысында жергілікті жердегі кірістер басқармасының басшысы Жанкелді Қалабаев пен салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы Бекзат Айтжанов жоғары дәрежелі марапатқа ие болды. Олар «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне 10 жыл» толуына орай төсбелгісімен наградталды. Марапат иелеріне аудан әкімі Шота Оспанов мерекелік төсбелгілерін табыстап, жауапты қызметтеріне жемісті еңбек тіледі.
«Жоғары мараптқа ие болған екі азамат өздерінің лауазымдық міндеттерін сапалы, бар ынтамен, мерзімінде және адал атқаратын бірден-бір қызметкер ретінде танылып жүр. Мемлекеттік кірістер басқармасының жұмыс сапасы мен беделін барынша жетілдіру мақсатында адал және үлкен жауапкершілікпен атқарып келеді. Басқарманың қоғамдық мәдени және спорттық іс-шараларын қалдырмай үнемі өз үлестерін қосып жүр. Сондықтан еңбекте абыройлы әрі табысты болыңдар. Ауданымыздың әлеусеттік – экономикалық дамуына атсалысуларыңа тілекшімін», – деді аудан басшысы.
Жанкелді Кәдірбекұлы алғаш еңбек жолын 2006 жылы Жангелдин ауданы бойынша салық комитетінің салық төлемгерлерімен жұмыс жасау бөлімінің бас маманы қызметінен бастаған. Қазіргі таңда кірістер басқармасының білікті басшысы. Бекзат Ержанұлы 2007 жылы Жангелдин ауданы бойынша салық комитетінің аудит, өндіріп алу, жанам салықтар бөлімінің маманы міндетін атқарған. 2021 жылдан бастап, мемлекеттік кірістер басқармасының салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31