Жанкелдин ауданында студенттер мен жастар мерзімдік жұмыспен қамтылды
«Жасыл ел» бағдарламасы жастарды еңбекке баулиды
«Жасыл ел» жасақтарының алғашқы маусымы өз жұмысын бастады. Бірінші маусымға 25 бала қабылданған. Студенттер әлі демалысқа шықпағандықтан, алғашқы маусымға мектептің 10сынып оқушылары тартылған. Өз еріктерімен жұмыс жасауға ниет білдірген оқушылар уақыттарының тиімді, әрі көңілді өтіп жатқанын айтты. Арнайы белгіленген орындарда, тиісті жұмыстарын атқарып жүр. Кей бірі 4 сағатттық жұмысқа қабылданса, ер балалардың басым бөлігі 8 сағаттық жұмыс кестесімен жұмыс жасауда.
«Жасыл ел» бағдарламасы жайлы студент ағамнан көп естейтінмін. Жылда оқудан демалысқа келгенде жұмыс жасайтын. Қызығушылықпен менде келіп жұмысқа өтінім бердім. Алғашқы маусымның жұмысы сәл қиындау. Себебі қыстан шыққан қоқыстар тазалау, көшеттерді астарын қопсытып, реттеу сияқты жұмыстар болады. Одан бөлек, артық өскен шөптерді жұлып тазалау, ағашқа су қою деген сияқты күнделікті жұмыстар жасаймыз. Десекте, көңілді ортамен кез -келген шаруаны тез орындап жүрміз. Келіп жұмыс жасауға ниет білдіргеніме еш өкінбеймін. Өзім көп балалы отбасында тәрбиеленіп өстім. Маңдай теріммен тапқан алғашқы жалақымды үйдегілерге апарып берсем деймін. Қазіргі таңда 4 сағаттық жұмыс кестесімен жұмыс жасаймын»,-дейді жасыл ел жасақтарының мүшесі Нұрай Жарқынбайқызы.
Аталмыш бағдарламаның жастарға берері мол. Қоршаған ортаның тазалығын қадағалап қана қоймай, уақыттарын да тиімді өткізеді. 4 сағаттық жұмыс кестесімен 42500 теңге жалақы алса, 8 сағаттық жұмыс кестесімен 85000 мың теңге алады. Екінші маусымға құжаттар қабылдау жүріп жатыр. Құжаттарды Торғай ауылы әкімшілігіне барып тапсыра аласыздар.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31