Жанкелдин ауданында екі қабатты 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді
Тұрғындардың көңілдері көктемдей жайнады
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні мерекесі қарсаңында аудан әкімі Шота Оспанов бюджеттік ұйымдар мен мемлекеттік қызметкерлерге, көп балалы және толық емес отбасыларға, ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға екі қабатты көп пәтерлі үйдің кілтін салтанатты түрде табыстады. Алдағы уақытта 6 пәтер аудандық аурухананың қызметкерлеріне берілетін болады.
«Бұл барлығымыз үшін көптен күткен қуаныш. Өткен жылы осы ғимаратты көп пәтерлі тұрғын үйге айналдыруды қолға алдық. Яғни, бұрыңғы «Айгөлек» балабақшасы болған. Нысанның жалпы сметалық құны 344787,0 теңгені құрады. 2023 жылдың қараша айында толығымен құрылыс жұмыстары аяқталып, желтоқсан айында пайдалануға берілу керек еді. Бірақ, мердігердің салғырттығынан сағызша созылып, сәті бүгін түсті. Жалпы көлемі 1153,0 шаршы метр болатын тұрғын үй ауданымыздың ажарын келтіріп отыр. баршыңызды бүгінгі қоныс тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Игілігін көріңіздер. Барлығы да заманауи талапқа сай. Қаладағы тұрғын үйлерден еш кемшілігі жоқ. Тек күтіп ұстап, жауапкершілікпен қарауларыңызды сұраймын», – деді аудан басшысы.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Қарсақбай Бірмағанбетов, «AMANAT» партиясы Жангелдин аудандық филиалының төрағасы Ғабит Сүндетбаев қоныс той иелерінің қуаншына ортақтасып, өздерінің жылы лебіздерін білдірді. Ақ жаулықты аналарымыз қазақы дәстүрмен шашу шашты.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31