Жанкелдин ауданы Саға ауылына жол қатынасы бар
Көтерме жол арқылы жүруге болады
Аудан орталығынан 140 шақырым жерде орналасқан Саға ауылы мал шаруашылығына қолайлы жер. 71 947 гектарға жуық жері бар. 700-ге жуық тұрғыны бар ауылдың басты кәсібі мал шаруашылығы. Жыл сайын ірі қара, қой-ешкі, жылқы малының басы өсіп келеді. Қызбел ауылдық округі бойынша 39 шаруа қожалығы бар. Қарапайым халық пен шаруа қожалықтары жылына 11 мың тонна қысқы мал азығын дайындайды. Ауыл халқының ұйымшылдығы өте жоғары. Қандай да бір іс болса, жұдырықтай жұмылып біле сынап кіріседі. Әсіресе, «Туған жерге тағзым» жобасы аясында ауыл тумалары көптеген игілікті істердің жаршысы болды. Абаттандыру, көгалдандыру сынды қоғамдық жұмыстарды айтпағанда, бірқатар әлеуметтік нысандар бой көтерді. Аумағы ат шаптырымдай тойхана мен әмбебап спорт алаңын салынды. Орталық саябақтарға төсеніш тастар төселді. Осының барлығы туған жер перзенттерінің арқасы. Басқа ауылдарға үлгі болып отырған Саға ауылының берекесін қашырған биылғы тасқын судың зардабы. Іргедегі су іркіліп, тұрғындардың берекесін қашырды. Қарт кісілер мен әйел адамдар және балалар қауіпсіз аймаққа көшірілді. Елде қалған ер адамдар тасқын суға тосқауыл болып, күш біріктірді. Соның арқасында тұрғын үйлерге еш қауіп төнген жоқ. Тек электр жарығы мен ұялы байланыс үзілді. Жауын жауса ми батпақ болатын жолды су жырып, екі ортада көлік қатынасы үзілді. Көтерме жолды уақытша қалыпқа келтіру үшін облыстық бюджеттен 9 млн теңге қаржы бөлінді. Мердігер атанған «КажСервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 18 күн бойы тынымсыз жұмыс істеп, үзілген жерді қайта жалғады.
-Бір айдан аса жол қатынасы болмады. Тасқын судың зардабын тартқан ауыл тұрғындары аудан орталығына қатынай алмады. Биылғы су тасқыны кімге болса да оңай тиген жоқ. Елді дүрліктіріп, біраз әбігерге салды. Су қарқыны қатты болғаны сондай көтерме жолдарды су жырып, көлік қатынасына шектеу қойды. Ауыл тұрғындары аудан әкімідіге ұсыныс жолдап, су жырға жолды қалыпқа келтіру жөнінде талап тілектерін жеткізді. Халықтың ұсынысын ескерген жергілікті билік өкілдері облыстық басқармаларға жүгінді. Нәтижесінде, облыстық бюджеттен 9 млн теңге қаржы бөлініп, көтерме жолды уақытша қалыпқа келтіріп, жөндеді. Мердігер «КажСервис» ЖШС камаз автокөлітерін жұмылдырып, күндіз- түні жұмыс жасады. Аудандық мәслихаттың депутаты ретінде жөндеу жұмыстарын күнделікті қадағалап отырдым. Ұсақ тас пен құм төсеп, жолды қалыпқа келтірді. Халықтың ұсынысын ескерген облыс және аудан әкімдігіне ауыл халқының атынан алғысымды білдіремін, – дейді аудандық мәслихаттың депутаты Амангелді Қожахметов.
Су тасқыны кезінде қауіпсіз аймаққа көшкен тұрғындар үйлеріне оралып, отбасыларымен қауышып, қалыпты өмірлерін жалғастырып, күнделікті тіршіліктерімен айналысып жатыр.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31