Жангелдин ауданындағы мәдениет саласының басшылары аналардың алғысын алды
Алғыс пен бата алған адам бақытты
Қайырымдылық күні тек мұқтаж жандарға ғана емес, егде тартқан, үйде отырырып, немере шөберелерінің ортасында қуанышқа бөленген ардақты әжелердің де хал жағдайларын сұрап, бір мезгіл көңілдерін аулауға болады.
Бүгін Жангелдин аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Жанар Асанханқызы бастаған ұжым, ақ жаулықты, көп балалы, еңбек ардагерлері атанған аналардың үйіне барып, мерекелік сыйлықтар тапсырды. Бұл кісілердің арасында тоқыма, тігін өнерімен айналысатын және өнерлі күміс көмей әнші аналарымызда бар.
Нарурыз мейрамы қарсаңында тосын сыйға тап болған аналар алғыстарын жаудырды.
“Біз бүгін мәдениет саласының ұжымы, кітапхана басшысы, мәдениет үйінің директоры, аудандық тілдерді оқыту орталығы басшысы, өзара кеңесіп, ақ жаулықты аналардың үйлерін аралап, амандық сұрасуды жөн көрдік. Ол кісілерде қуанып қалды. Алғыс айтып, ізгі тілектерін жеткізді. Өмірдегі қуанышты әрі қиын сәттерін айтып, әңгіме дүкен құрды. Бір жасап қалдық дейді сөз арасында. Біз міндетіміз аналарға, қарияларға құрмет көрсетіп, үлкен кісілердің ризалығын алу”, — дейді Жанар Асанханқызы.
Ия, әлемнің сегізінші кереметі саналатын ардақты аналарымызға мерекеден тыс күн сайын құрмет көрсетсекте артықшылығы болмайды.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31