Ауылға «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Ахмет ауылы» деген жазу орнатылды
Шалғайдағы ауылдың перзенттері туған елге деген құрметпен, туған жерге деген патриоттық сезімдерін оятты
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» жобасы аясында «Ахмет ауылы» – деп жазып, перзенттік борыштарының бір бөлшегін орындады. Биыл 1984 жылы туған азамат – азаматшалардың мектеп бітіргендеріне 20 жыл толды. Олар атой салып ауылда немесе қиқулатып Нұр – Сұлтан қаласында атап өтуді жөн санамады. Әлемді жайлаған жұқпалы індет елді дүрліктіріп жатқанда «той тойлап, мәз болғанымыз кімге керек» деп жиған – терген қаражаттарын ауылдың қажеттілігіне бағыттады. Нәтижесінде, елдің ақ батасына бөленді.
«Көркейе бер ауылым!» атты кешенді жұмысқа белсене араласқан А.Байтұрсынұлы атындағы жалпы білім беретін орта мектебінің 33 – түлегіне ауыл әкімі Нұрсұлтан Байділдин ауылдық ағайындардың атынан ризашылығын білдіріп, алғыс хатпен марапаттады.
Әр ауылдың тумалары «бес саусақтай бірігіп, жұдырықтай жұмылса», өркениетті ауылдардың қатарына көрінетін боламыз.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31