Депутаттар «Мектепке жол» акциясы аясында жағдайы төмен отбасыларға көмек көрсетті
Облыстық мәслихат депутаттары тілсіз жаудың құрбаны болған Текебай Оралбаевтың отбасын өз қамқорлықтарына алғанына 5 жыл болды
Халық қалаулылары жылына екі рет марқұмның балаларына қажетті тұрмыстық заттар мен азық – түлікті әр жылдың көктем айында жеткізіп беріп отырады. Бұл дәстүрлі үрдіс үзіліссіз жалғасып келеді. Жаз айында халық қалаулысы Манат Кәкімжанұлы балалар мерекесі қарсаңында үйдің ортаншы ұлына велосипедті сыйдап мәрттігін танытты.
Ал, бүгін «Мектепке жол» акциясы аясында облыстық мәслихаттың депутаты Манат Карбозов арнайы Тәуіш ауылына барып, Текебайдың отбасына ат басын тіреді. Облыстық мәслихаттың хатшысы С.Ещановтың атынан жаңа оқу жылымен құттықтады. Сонымен қатар, халық қалаулыларының сәлемдемесін жеткізіп, мектеп формаларын табыстады. «Нұр Отан» партиясы Жангелдин аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ғабит Сүндетбаев облыстық мәслихат депутаттарына алғыс білдіріп, еңбектеріне толағай табыс тіледі.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31