Түлектер үшін қимастық сәт болды
25 мамыр- әр оқушы үшін ерекше күн. Дәл осы күні мектеп окушылары кітапқа толы сөмкелерімен қоштасса, түлектер алтын ұясымен біржола қош айтысады
Өткен жылы оқушылардың қашықтықтан білім алуына байланысты наурыз айынан бастап, соңғы қоңырау барлық мектептерде ауқымды түрде жүргізілген жоқ. Сол себептен биылғы жылы Ш.Уәлиханов орта мектебінде аталмыш салтанатты іс-шара шағын түрде өткізілді. Рәсімге түлектің бір ғана ата-анасы қатысты. Соңғы қоңырау санитарлық талаптарға сай өтті
Іс-шара барысында мектеп директоры Ботабай Шаймов оқушылар мен ұстаздарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуден сүрінбей өтулеріне тілектестігін жеткізді. Салтанатты жиынға 9 сынып оқушылары мен мектептің 26-шы түлектері қатысты. Былтырғы жылғы ақпаратқа сүйенсек, мектептегі оқушылар саны-275, даярлық сыныпта 25 бала болған. Мектеп бітіруші түлектер саны 25, “Алтын белгі” үміткері 2 оқушы,ал 3 оқушы үздік атанды. ҰБТ-ға 19 бала қатысып, оның 12 –і мемлекеттік грантқа ие болған.
Енді оқушылар асыға күткен жазғы демалысына шықса, мектеп бітірушілерді ұлттық бірыңғай тестілеу сынағы күтіп тұр. Мектептегі мұғалімдер саны 65. Биылғы жылғы оқушылар саны-280, даярлық сынып 26 бала болды. Түлектер саны 20, оның 6-ы үздік аттестат иегерлері. 18 бала ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдірген. Түлектердің басым көпшілігі жаратылыстану бағытын тандап отыр.
Мерекелік шара соныңда оқу-ісі меңгерушісі Сәбит Сейдахмет онлайн оқыту бағдарламасы аясында түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындалуға барлық жағдай жасалғанын хабардар етті. Мектеп бітіруші түлектерге сәт-сапар тіледі. Ата-аналар атынан Жанмұрат Қали оқушыларға жылы лебізін білдіріп, ақ батасын берді.
Қарагөз АЙТЕНОВА
А.Байтұрсынов атындағы
Қостанай өңірлік университеті,
журналистика мамандығының
2 курс студенті
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31