Жаңа форматтағы ұлттық біріңғай тест
2019 – 2020 оқу жылында 178 түлек мектепті бітіріп, қалаған мамандықтары бойынша алдағы мақсаттарына қадам басты
116 түлек өз еріктерімен ҰБТ – ға қатысты. 16 оқушы “Алтын белгі” иегері атанды. 18 оқушы мектепті үздік аяқтады. Ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы бойынша білім сапасы 67,8 пайызды құрады. Қазіргі кезде бір оқушы аудандық бюджет есебінен оқып жатыр. Былтырғы мектеп бітірген түлектердің дені жоғары оқу орындарына түсті.
2020 -2021 оқу жылында 143 түлектің 115-і сынама тест тапсыруға өтініш білдірген. Биылғы жылы “Алтын белгі” иегерлерінің саны – 10. “Үздік атесттат” үшін талаптанған үміткерлер саны былтырғы жылдан артық болмаса кем емес. Сындарлы сәтте сынақтан сүрінбей ойдағыдай тапсырып шығу мектеп бітіруші түлектерге тікелей байланысты.
ҰБТ-ның өткізілу форматы бұрынғылардан өзгерек. Әрі қиын. Бейнебақылау камералары компютерлерге жеке – жеке орнатылған. Сондықтан ата – аналардан, білікті ұстаздардан ешқандай көмек жоқ. Оқушылар өз білімдерін сынайтын нақты шешім осы. ҰБТ Арқалық қаласында өтеді. Сынақ тапсырмалары бұрынғыдай кітапшадан емес. Электрондық форматта. Бітірушы түлектерге тесттіні екі мәрте тапсыруга мүмкіндік бар. Өтінім беру онлайн форматта жүзеге асады. Тестілеудің бірінші мүмкіндігінде тәртіп бұзылған жағдайда.
Екінші кезеңге өтуге мүмкіндік берілмейді. ҰБТ тапсырудың 2-ші кезеңінде тәртіп бұзған болса, 1-ші тапсырған нәтижесімен “Грант” тағайындау конкурсына қатысу құқығынан айрылатынын естен шығармау керек. 10 наурыздан 23 наурызға дейін барлық өңірлерде электронды форматта тестілеу өтті. Алғашқы тестілеудің нәтижесі жаман емес. Алғаш білім ордасы ашылған Торғай жерінің жас түлектері сын сағаттық сынақтан сүрінбей, біттеген армандарына жетсін деген тілектеміз.
Аягөз ФАЗЫЛБЕКҚЫЗЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31