Қоғамдық жұмыстарға қос қолдап кіріссек, пайдасы елге тиеді
Биыл облыс аймағында “Экологиялық екі ай” акциясы жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу мақсатында сәуір – мамыр айлары тазалық айы болып бекітілді
Осы тұрғыда “Елді – мекендер аумақтарына көктемдегі екі айлық санитарлық тазарту, абаттандыру және көгалдандыру айлығын өткізу туралы” Жангелдин ауданының әкімдігінің №73 қаулысы жергілікті газетке жарияланды.
Қазіргі таңда бірқатар жұмыстар атқарылуда. Абаттандыру жұмыстарынан тыс санитарлық тазалық жұмыстары қарқын алды. Бұзылған ескі үйлердің орындары тазартылып, төмпешік жерлер тегістелуде. Ал, сенбілік күнделікті күн тәртібінен түскен емес. Аудан орталығы және әр тұрғынның үй – жайлары күл – қоқыстар мен тұрмыстық қатты қалдықтардан тазартылса, таза экологиялық аймаққа жатарымыз сөзсіз. Сондықтан аталған акцияға жергілікті тұрғындар атсалысса игі. Торғай ауылы әкімдігінің мәліметінше, абаттандыру – көгалдандыру және санитарлық тазалық жұмыстарына 2 млн теңге қаржы бөлінген. Көктемгі қар суынның салдарынан жыраға айналған көшелер қалыпқа келтірілуде. Бүгінде абаттандыру жұмыстарына жұмыспен қамту орталығы арқылы Торғай ауылы әкімдігіне жұмыссыздықтар тізімінде тұрған 119 адам жіберілген. Оның 31 адамы абаттандыру жұмыстарына тартылған. Алдағы айларда жұмыссыз адамдар кезең – кезеңімен мерзімдік жұмыспен қамтылады. Туған жердің туын көкке көтергіміз келсе, ең алдымен тазалыққа мән берейік.
Байбатыр АХМЕТБЕКОВ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31