Асыл тұқымды мал басын өсіру жолға қойылды
Қызбел ауылдық округіне қарасты Саға ауылындағы шаруа қожалықтарының шаруашылықтары өркен жайып келеді. Кәсіптің көзі мал шаруашылығында екенін жақсы меңгерген
Мемлекеттік бағдарламаларға үнемі қатысады. Шағын кәсіп саласымен айналысып отырғандардың да қатары көп. Халқы ұйымшыл. Әр іске жұмыла кірісіп, жұдырықтай түйіледі. Ауылдың қоғамдық жұмыстарына араласып, қайырымдылық іс – шараларының басы – қасынан табылады.
Дәл осындай азаматтардың бірі Қарғалы Рысбек. Оның “Құмшық” елді – мекенінде “Қайнар” шаруа қожалығы бар. Мал шаруашылығымен айналысқанына бір жыл көлеміндей ғана болған. Өзінің ірі қара, ұсақ малдары шамалы шаруашылықтардың мал басынан кем емес. Асыл тұқымды мал шаруашылығымен айналысу үшін “Сыбаға” бағдарламасы арқылы 45 млн теңге несие алды. Қысқы мал азығын дайындайтын Беларус-82 маркалы тракторы бар.
Оның сыртында Литва мемлекетінен “Герефорд” тұқымды 45 бас ірі қара аналықтарын сатып әкелді. Суретке қарасаңыздар өзіміздің әулиекөлдік ақбас сиырларға қатты ұқсайды. Бірақ, бар болғаны 7-8 айлық қашар ғана. Дене пішімдері 3 жасар қазақы сиырларға келеді. Бұлардан төл алу үшін өздері тұқымдас аталық керек екен. Шаруа қожалық басшысы жер – аяғы кеңіп, мал төлдеп болғасын бұл мәселені қолға алмақшы. Литвадан келген ірі қара малдары қазіргі таңда карантин режимінде. Мал дәргерлері олардан қан алып, тексерді. Қан құрамының қорытындысы оң нәтиже бергесін барып, өріске шығады. Алдағы уақытта аталған шаруашлық жайлы кең көлемде жазатын боламыз.
Байбатыр НИЯЗБЕКҰЛЫ
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31