Отанға қызмет ету борышым
Ауданымызға арнайы іс – сапармен ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа “Nur Otan” партиясынан Қостанай облысы бойынша үміткерлер қатарындағы Жаңбыршина Қырмызы Сапарқызы келді.
Ол жасотандықтарымен кездесіп, белсенді жастармен сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуі мен алдағы іс-жоспарын талқылады. “Есіктен есікке” акциясы аясында пәтерлерді аралап, әлеуметтік желіге үгіт жұмыстарын жасап, желі пайдаланушылардың назарына ұсынған белсенді жастарға ризашылығын білдірдіп, жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі.
– Меніңше, патриот – ол Отанға қызмет етуші адам. Ал, Отан дегеніміз ең алдымен халық. Отанға қызмет ету, оны сүйіп, ардақтау – әр адамның ел алдындағы парызы мен азаматтығы. Мен де өз елімнің дамуына, теңізге тамған тамшыдай болса да өз үлесімді қосқым келеді. Қазақта “Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды” деген қанатты сөз бар. Ең алдымен қоғамның береке – бірлігі бекем болу керек. Билік пен қоғам бірге болса ғана біз ел боламыз. Бәсекеге қабілетті ел болу үшін қоғам мен биліктің арасы алшақтамау керек. Халықтың үніне әрдайым құлақ асу, уақыт талабына сәйкес шұғыл шешім қабылдау, тағы басқа көпшілікті толғандырып жүрген көптеген мәселелерді пікір талқысына салатын маңызды диалог алаңдарының бірі – праймеризде бағымды сынап, ел үмітін арқаладым, – деді Қырмызы Сапарқызы.
Сайлаушылардың пікірін тыңдады
Үміткердің үгіт – насихат жұмыстары басталды
Қостанай облыстық мәслихатының депутаттығына үміткер Манат Карбозов “Nur Otan” партиясы аудандық сайлауалды штабының мүшелерімен Шеген және Ақкөл ауылдарына барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
“Nur Otan” партиясы барлық аудандардың, яғни бұны нақтылай кетсек, Өңірдің алдағы бес жылдағы әлуеметтік-экономикалық дамуының САЙЛАУАЛДЫ бағдарламасын кездесу барысында үміткер кеңінен түсіндіріп берді. Сонымен бірге партияның жетістіктеріне арнайы тоқталып өтті. Тәуелсіздік күнімен жиналғандарды құттықтап, осы тәуелсіздігіміз үшін опат болғандарды бір сәт еске алуды ұсынып, тағзым жасады.
Облыстық мәслихаттың депутаттығына үміткер, “СЫМА-К” шаруа қожалығының басшысы Манат Кәкімжанұлы жиналғандарды 2021 жылдың 10-шы қаңтарында азаматтық белсенділікпен өздері сайлаушылар тізіміне енгізілген сайлау учаскілеріне келіп, дұрыс таңдау жасап біздің партия үшін дауыс беруге шақырды. Сондай – ақ, санитарлық эпидемиологиялық қадағалау талаптары ескеріле отырып өткізілді. ПБК-ның талап, ұсыныстары кездесу барысында толықтай сақталғанына мониторинг жүргізілді.
Сайлаушылар дұрыс таңдау жасауға дайын…
Партияның сайлауалды бағдарламасы таныстырылды
“Есіктен – есікке” акциясы аясында аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Ғабит Сүндетбаев Шеген ауылында еңбек ардагерлері, ауыл үлкендері Дулат Шыңғысов пен Қанат Ерғалиевтың және “КАНВАССИНГ” ретімен ұстаз, желтоқсаншы Жұмакүл Бекентаеваның шаңырағына барып, Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Тәуелсіздік жолында жандарын құрбан болғандарды еске ала кіріп шықты. Дулат аға қатардағы механизатордан инженер дәрежесіне қызметте көтерілсе, Қанат аға мамандығы бойынша веттехник, ферма меңгерушісі сынды жауапты қызметтерде болды. Желтоқсан құрбандарын дәл осы күні еске алып отыратынын сәл қинала әңгімелеген Жұмакүл апай бір сәт көз жасына да ерік берді. Оқуынан шығарылып, сауыншы болған ол кісі ешқашан мойымай, білімін жалғап бүгінде мектепте шәкірт тәрбиелеуде. Баласы мен келіні қолында, немересі алдында, өткенге салауат айтып жеті қыз болғанбыз, соның үшеуі торғайлықтар едік деп дүниеден өткен құрбысы Бақыткүлді Мырзағазинаны, қайыңдылық Айгүлді Сүлекеева және маңғыстаулық Шаттыгүл Ерғожинаны сағынышпен еске алды. Жұмакүл Іскендірқызы 10-шы қаңтарда дауыс беруге баратынын азаматтық борышым деп санайды. Кездесу, акция мен “КАНВАССИНГ” партиялық бақылау комиссиясының нұсқаулық ұсыныстары мен санитарлық эпидемиологиялық қадағалау талаптары ескерілді.
Еңбек ардагерлерімен жүздесті
Дұрыс таңдау – елдік мәселе
Жангелдин аудандық “Nur Otan” партиясының атынан аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Ысмағұл Гүлім Мылтықбайқызы ауданымыздың байырғы тұрғыны Құсайыновтар отбасымен жүздесті.
Еңбек ардагері атанып, бүгінде ұлын – ұяға, қызын – қияға қондырып отырған қариялардың хал-жағдайларымен танысты. Партияның жетістіктерін баяндады. “КАНВАССИНГ” сөзіне анықтама берді. Партия жақтастарын жекелеп “тарту” белгілі және ықпалға ие адамдарды, депутаттыққа үміткерлерді партия жағына тарту мақсатында оларды үйіне немесе жұмыс орнында жеке үгіт жүргізу екендігін түсіндірді. Сондай – ақ, сайлау күні учаскілеріне келіп, таңдау жасауға шақырды. ПБК-ның тапсырмасы бойынша санитарлық эпидемиологиялық нормаларды сақтау қажеттігі түсіндірілді.
Гүлжанат ҚАБЫЛДАЖАН
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31