Қоғамдық штаб ашылды
Партиялық сайлау науқанына қызу дайындық басталды
“Nur Otan” партиясының Жангелдин аудандық филиалының сайлауалды штабы мен қоғамдық қабылдау бөлмесінің ашылуы салтанатты түрде өтті.
Оған штаб мүшелері барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттығына үміткерлер, партия ардагерлері мен мүшелері, БАҚ өкілдері мен блогерлер қатысты. Олар мемлекеттік санитарлық дәрігердің Қаулысына сәйкес, эпидемиологиялық жағдайға байланысты белгіленген тәртіпті толығымен орындады. Қатысушылардың назарына партияның негізгі жетістіктері, сайлауалды бағдарламасы ұсынылды. Сондай-ақ, ауданның партиялық тізімімен алдағы үгіт кезеңіне арналған міндеттер, қоғамдық қабылдау бөлмесінің жұмыс тәртібі таныстырылды. Іс-шара барысына барлық қатысушылар мен ұйымдастырушылар әлеуметтік қашықтық пен бетперде (маска) киіп, карантин режімін сақтады.
Жангелдин аудандық сайлауалды штабының жетекшісі Ғабит Сүндетбаев штаб мүшелеріне, белсенділерге, барлық қатысушыларға саяси додадағы жауапты жұмыстарына сәттілік тіледі.
“Жедел ақпараттар ағыны”
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31