Сарысудың шаруа қожалығы
Мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігі мол
Аудан бойынша мал шаруашылығымен айналысып отырған 140 астам шаруа қожалықтары бар. Олар мемлекеттік бағдарламаларға қатысып, мал басын көбейтуде. Қазіргі таңда асылдандыру бағыты бойынша жүйелі жұмыс жасап отырған шаруа қожалықтары, ауданымыздың әлеуметтік – экономикасының ілгерлеуіне үлес қосып келеді. Соңғы жылдары шалғай ауылдардағы ағайынның еңсесінің көтеріліп, етек-жеңін жинай түскендігі көпке аян. Мемлекет тарапынан берілетін барлық мүмкіндікті дала қазақтары да мүлт жібермеуге тырысады. Біреу мал бақса, екіншісі құс өсіріп, егін егетін шаруалардың шаруасының шалқығаны көңілге қуаныш ұялатады. Түрлі жеңілдікті жөнімен пайдаланып, кәсібін өркендетіп жүрген шаруа қожалықтарының бірі Сарысу ауылының байырғы тұрғыны Әсет Дүйсенбаев.
Шаруашылықпен айналысуды жөн көрген ол “Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры” акционерлік қоғамынан 41 млн теңге несие алды. Артынша мемлекеттік бағдарламаның игілігінен бұрын мүмкіндігін пайдалануды ойға алып, жүзеге асырды. Мәселен, “Сыбаға” бағдарламасы бойынша етті бағыттағы малды асылдандыру үшін Ақмола облысы, Ақкөл ауылы “Scfood” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен 71 бас “Абердин ангус” тұқымды ірі қара малын сатып алған. Қазақы ірі қара малдарына қарағанда ангустың күтімі мен бабы күшті. “Мал баққанға бітеді” деп дана халқымыз тегін айтпаса керек – ті. Әсет Бөлтірікұлы жас болсада заман талабына икемденіп, мал шаруашылығын дөңгелетуде.
– 2019 жылы несие алып, шаруашылық ашқан жайымыз бар. Қазір шаруашылығымның арқасында ырзық-несібемді айырып отырмын. «Еңкейгеннің еңсесін еңбек көтереді» демекші, еңбек етіп, мақсатқа жеткен жанның шаруасы шалқып, несібесі артатыны белгілі. Мен дөңгелетіп отырған шаруа қожалығының жұмысы көпшілікке үлгі етуге тұрарлық,- дейді шаруа қожалығының жетекшісі.
Күннің аптаған ыстығында, қыстың қақаған аязында еңбек етіп, отбасының тұрмыс – тіршілігін түзеп, кем – кетігін түгендеп, малдың арқасында біттеген мақсатына жетіп отыр. Сонымен қатар, тек өзіне емес өзгегеде қол ұшын беріп, қайырымдылық шараларына атсалысады. Ауылдың қоғамдық жұмыстарына араласып, үнемі демеушілік жасап отырады. Мерекелік шараларға отбасының атынан сый – құрмет жасайды. Жұбайы Абай Омарова екеуі үш баланы тәрбиелеп өсірді. Отанасы Сарысу негізгі мектебінің мұғалімі. Айтпақшы, жоғары да аталған мемлекеттік бағдарлама төңірегінде өткен жылы МТЗ – 82 тракторын сатып алды. Қосымша өз қаражатына 2 шөп шабатын тіркеме орағын және шабылған шөпті буатын заманауи техникасын алған. Оны да игілігіне тұтынып отыр. Көктем шығысымен шөп шабу науқанына кіріседі. Қысқы мал азығын артығымен дайындап, одан артылғанын ауыл тұрғындарына арзан бағада сатады. Түгелдей болмаса да ауылдың 30 пайызын жем – шөппен қамтуды өз мойнына алған.
Байбатыр АХМЕТБЕК
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31