Отбасында да қызметінде де сыйлы жан
Екінші дәрежелі марапатқа ие болды
30 тамыз – «Қазақстан Республикасының Конституциясы күні» мерекесі қарсаңында сот жүйесінде еңбек етіп, білімділігі мен біліктілігін көрсетіп, мінсіз қызмет атқарғаны үшін, Жангелдин аудандық сотының бас маманы – сот отырысының хатшысы Ғабдрахова Нұргүл Бақытқызы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының 2019 жылғы 23 тамыздағы № 6001-19-7-6/341 өкімімен, ІІ дәрежелі «Сот жүйесінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
Нұргүл Бақытқызы көп жылдардан бері Жангелдин аудандық сотының бас маман – сот отырысының хатшысы лауазымдық қызметін абыроймен атқарып келеді. Отағасы екеуі бес баланы тәрбиелеп өсірген аяулы ана.
Жангелдин аудандық соты
Много сидишь в социальных сетях? Тогда читай полезные новости в группах "Qostanai.Media" ВКонтакте, в Одноклассниках, Фейсбуке и Инстаграме. Сообщить нам новость можно по номеру 8-701-031-72-31
0 просмотров